Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Медициналық маска мен антисептикті қайдан сатып алуға болады

2020 жылдың 28 наурыз 2020 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков маска мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қайдан сатып алуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мына ұйымдарда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен медициналық маскалар бар: «Іңкәр» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, «Науза Адель» ЖШС, «Саламат», «ЕвроФарма», «АльфаМед», - дейді Зекен Исаков онлайн-брифинг барысында.

Ол коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында елорда әкімдігі мен Қорғаныс министрлігі және дезинфекция жасайтын ұйымдармен бірлесіп, қоғамдық орындарға күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтты.

«Қоғамдық орындарды дезинфекциялауға 220-дан астам адам тартылды. Санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар әлеуметтік маңызы бар, денсаулық сақтау саласына қатысты нысандар, Сауда ойын-сауық орталықтары, Темір жол вокзалдары, театрлар сияқты 50 нысанға жасалуда», - дейді ол.


Жоғары қарай