Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Медициналық масканы алыпсатарлар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

2020 жылдың 17 наурыз 2020 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық маскаларды алып-сатумен айналысқандарға қатаң жаза белгіленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Еуразия Бірінші» арнасының «Basty Prime» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мемлекеттік комиссия маска алыпсатарлығына жауапкершілікті қатаңдату туралы шешім қабылдады, оның ішінде интернет арқылы сатқаны үшін де. Қазіргі уақытта оларды анықтау (маска алыпсатарларын) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу күндері тіркейміз деп ойлаймын. Себебі комиссияда өмірлік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын белгілеу құзіреті бар. Дүрбелең болмауы үшін қара нарықта екі есе қымбат тұратын маскаларды өз құнынан төмен бағаға сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Сондықтан біз бірыңғай әділ баға белгілейміз. Бірақ, кез келген алыпсатарлық қатаң жазаланады, үлкен айыппұлдан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін бар. Біз мұндай ұсынысты енгіздік. Қазіргі уақытта Үкімет мұны заңгерлермен бірлесіп қарастырып жатыр»,- деді Елжан Біртанов.

Оның атап өтуінше, мұндай шараларды әлемнің көптеген елдері енгізген.

«Бұл шаралар бізге де қажет. Мұны біздің азаматтарымыз түсінеді деп ойлаймын», - деді министр.

Бұған дейін Елжан Біртанов елімізде медициналық маска шығаратын зауыттардың жұмысы мемлекет тарапына бақылауға алынатындығын айтқан еді.



Жоғары қарай