Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазақстандықтардың саны қанша

2021 жылдың 12 мамыр 2021 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов жүйеде сақтандырылған қазақстандықтардың нақты санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4%-ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады. Бұл – 15,9 млн адам», - деген Болат Төкежанов 2,9 млн қазақстандық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінен тыс қалғанын атап өтті.

«Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни, олардан қандай да бір аударымдар мен жарналар алынды, бірақ тұрақты емес. Соның салдарынан берешек пайда болады да және медициналық сақтандыру мәртебесінсіз қалады. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп болатын», - деді Қор басшысы.


Жоғары қарай