Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Мектеп формасына қандай талап қойылады

2019 жылдың 24 шілде 2019 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда оқушылары үшін мектеп формасы 30 мың теңгеге шығады. Қалалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір мектеп формасын өздері сапалы етіп тігіп, жеткізетін отандық кәсіпорындар бар. Мектеп формасының жиынтығы 20 мың теңгенің айналасына шығады. Оған аяқ киім бағасын қосқанда бір оқушының мектеп формасы 30 мың теңгеден келеді», - деген басқарма басшысы ата-аналарды белгілі бір кәсіпорынның тіккен формасын алуға ешкім мәжбүрлемейтінін ескертті.

«Форманың басты талаптарына келсек, түсі қою көк түсті матадан классикалық үлгіде тігілген болуы керек. Ұлдардан пиджак, кеудеше, шалбар және ақ жейде кию талап етіледі. Шалбардың балағы тобықтан жоғары болмауы керек. Ал қыздардан пиджак, кеудеше, юбка, шалбар және классикалық жейде кию талап етіледі. Юбканың ұзындығы тізеден 5 см жоғары болмауы тиіс. Осы талаптар сақталса болғаны. Оны ата-ана базардан сатып ала ма, біреуге тіккізе ме, өз мәселесі. Бастысы, осы аталған талаптарға сай келсе болды», - деді Әнуар Жанғозин.

Жоғары қарай