Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мектепте Ashyq-пен оқушылар емес педагогтар мен техникалық персонал кіреді

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq қосымшасы мектептерде оқушыларға қатысты пайдаланылмайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq қосымшасы мектептерде қолдану тәртібіне тоқталсам, бұл қосымша оқушылар үшін міндетті болмайды. Бұл ретте мектеп персоналы қамтылады, яғни мектепке індет жұқтырған педагогтар, техникалық персонал кіргізілмейді. Атап айтқанда, қосымшаға қатысты тәртіп балаларға таралмайды», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, егер баланың ата-анасы мектепке кіруге мәжбүр болса, онда Ashyq қосымшасы арқылы өтеді.

«Басқа жағдайларда ата-аналар мектепке кіргізілмейді. Бұл өз кезегінде санитарлық ережедегі талаптардың бірі. Мектепке тек оқушылар кіреді», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бір бала індет жұқтырса, онда сыныптағы оқушылардың барлығы 14 күнге карантинге кетеді.


Жоғары қарай