Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мектептегі бейнекамералар полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғанады

2021 жылдың 18 мамыр 2021 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қала мектептерінің бейнебақылау камераларын Полиция департаменттерінің жанындағы Жедел басқару орталықтарына жалғауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық қала мектептеріндегі бейнебақылау камералары Полиция департаменттерінің жанындағы Жедел басқару орталықтарына жалғануы тиіс. Бұл іс интернеттің сапалы болуын, қосымша камералар орнатуды қажет етеді. Бірақ басқа амалымыз жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысы Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық бойынша барлық бейнебақылау жүйелерін сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.

«Көріп отырсыздар, мектептерге орнатылған камералардың бір бөлігі талапқа сай емес екені айтылды. Әсіресе орнатқан жерді дұрыс таңдамау, жазбаны сақтау мерзімінің қысқалығы, видеоның сапасыздығы сияқты проблемалар жиі кездеседі. Аталған кемшіліктің бәрін жою қажет. Білім ошақтары барынша арнайы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілуі керек. Әуелі үлкен мектептерден бастап, кейін шағын жиынтықты мектептерге көшу қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.


Жоғары қарай