Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мектептерді автобуспен қамтуға тек отандық кәсіпорындар тартылады

2021 жылдың 29 маусым 2021 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық өндірушілер ел өңірлеріне қажетті мөлшерде мектеп автобустарымен қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп, мектептердегі балаларды тасымалдауға арналған автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті Жол картасын бекітті. Бүгінгі күні 515 мектеп автобусы қажет, оның ішінде 20 орындық 347 автобус және 40 орындық 168 автобус керек», - деді Б. Атамқұлов жиында.

Министрдің айтуынша, балаларды, оның ішінде тірек-қимыл функциялары бұзылған балаларды тасымалдауда жабдықталған көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар айқындалды.

«Олар – балаларға арналған 4 нүктелі қауіпсіздік белдігі бар орындықтар, балаларды салонда қалдырып кетпеу үшін алдын алу жүйесі, апаттық жағдайда салонның артқы есігінен бір рет басу арқылы шығуы, санитарлық-эпидемиологиялық қондырғылар және жүйелер мен агрегаттар тораптарының қауіпсіздігін интеллектуалды автоматты тексеру және тағы басқа техникалық талаптар айқындалды», - дейді Б. Атамқұлов.

Сондай-ақ, мектептерді автобустармен қамтамасыз ету үшін тек отандық кәсіпорындар тартылады, олар – «QazTechna» ЖШС Yutong маркалы 20 орындық 287 автобус, «DaewooBusKazakhstan» ЖШС ПАЗ маркалы 20 орындық 60 автобус және «HyundaiTransAuto» ЖШС Golden Dragon 40 орындық 168 автобус.

Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы автобустарды лизингке сатып алу үшін тиісті қаражат биыл 22 млрд теңге көлемінде көзделген.

«Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар бюджетіне жүктемені төмендету үшін автобустарды лизингтік қаржыландыру шарттарына аванстық төлемді 15% пайыздан 0% пайызға дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді. Осылайша, мектептерді автобустармен жабдықтау рәсімдерін аяқтау үшін ең алдымен Қаржы министрлігі республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттерінде 2022 жылдан бастап лизингтік төлемдерді өтеу үшін нысаналы трансферттер көздесін.

Екінші, жергілікті атқарушы органдар биылғы тамыз айында мектеп автобустарын сатып алуға конкурстар жариялауы қажет. Өз кезегінде, отандық өндірушілер ел өңірлеріне қажетті мөлшерде мектеп автобустарын уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуге дайын», - деді министр.


Жоғары қарай