Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемқызметке орналасу тәртібі қалай өзгерді: Агенттік түсіндірмесі

2020 жылдың 31 шілде 2020 13:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткен мемлекеттік қызметке орналасу тәртібінің өзгеруіне қатысты ҚазАқпаратқа түсініктеме берді.

«Мемлекеттік органда бос жұмыс орындары болған кезде бірінші ішкі конкурс жарияланады, оған осы мемлекеттік органның қызметкерлері ғана қатысады. Бұл ретте, бұрын бірінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда екінші ішкі конкурс жарияланды, оған барлық мемлекеттік қызметкерлер қ атысатын. Екінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда ғана барлық азаматтар арасында жалпы конкурс жарияланатын . Осылайша, мемлекеттік қызметке орналасу конкурсына қатысу үшін азаматтар мемлекеттік қызметшілерге қарағанда айтарлықтай көп уақыт күтетін»- деп атап өтті Ерхан Таткен.

Қазіргі уақытта осылайша екінші ішкі конкурс алынып тасталды. Енді бос жұмыс орнын құру кезінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның ішіндегі қызметкерлер үшін бірінші ішкі конкурс өткізіледі, ал оның жеңімпазы болмаған жағдайда жалпы конкурс жарияланады.

Осыған байланысты, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі мен азаматтардың конкурсқа қатысу үшін күту уақыты айтарлықтай қысқарды. Сонымен, бұрын бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күні қажет болатын. Қазір бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған өзгерістер 2020 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында жүзеге асырылды.

Бұған дейін біз Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгергендігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай