Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Алматыдағы екінші ЖЭО-ны жаңғыртуды жуық арада іске асыруды тапсырды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Алматыдағы екінші ЖЭО-ны газға көшіру жобасына арнайы тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы жиында қуат беретін жаңа көздерді жаңғыртудың және іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, Алматыдағы екінші ЖЭО-ны газға көшіру жобасына арнайы тоқталды.

«Бұл мәселенің стратегиялық мәні бар. Алматы қаласының экологиясы және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы аталған проблеманың шешілуіне байланысты. Сондықтан Үкіметке, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына әкімдікпен бірлесіп, екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені түбегейлі нақтылауды және оны жуық арада іске асыруды тапсырамын. Мұны одан әрі соза беруге болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемде өнеркәсіп пен экономиканы көміртегінен ада қылудың орнықты үрдісі байқалады. Еуропалық одаққа мүше елдерде парниктік газдардың қалдығын 2030 жылға қарай 55 пайызға азайту жоспарлануда. 2023 жылдан бастап Еуропалық одақта көміртегі салығы («carbon tax») енгізіледі. Бұл қазақстандық өнімнің экспортын едәуір қиындатуы мүмкін. Жаңа жағдайларға байланысты тауарларға қойылатын техникалық регламенттер, стандарттар мен талаптар өзгереді.

«Әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде кез келген елдің мәртебесі, беделі, соған сәйкес халықаралық мүмкіндіктері, көп жағдайда, көміртегіден ада әлемдік экономикаға қосқан үлесі бойынша айқындалатынын түсіну маңызды. Атап айтқанда, бұл – еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қабылдану мүмкіндігін анықтайтын өлшемдердің бірі», – деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай