Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Арал табанына сексеуіл егудің маңызы туралы айтты

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 14:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі көгалдандыру стратегиясы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе аумақтың 11%-ын құрайды. Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перзиденттің айтуынша, ең ірі экологиялық апат – Арал теңізінің құрғап, тұзды шөлдердің пайда болуына себеп болған.

«Құмды дауылдар атмосфераға Қазақстан бойынша ғана емес, Орталық Азия елдеріне де тонна улы тұздарды тасымалдайды. Сондықтан, өзбекстандық әріптестерімізбен бірге Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бойынша Қазақстанға арналған жеке бағдарлама қабылдадық. 2025 жылға қарай 1,5 млн га жерді қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді ол Қазақстан Президенті.


Жоғары қарай