Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Атырау облысындағы АЭА жұмысын сынады

2021 жылдың 22 сәуір 2021 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркі жұмысына сын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс экономикасын дамытудағы үлкен үміт мұнай-газ химиясымен байланысты. Бұл жерде біз тым артта қалып қойдық. Ал аталған сала – бұл өңірдің және бүкіл елдің экономикасы болашағының негізі. Бұған қоса, «Ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркі» арнаулы экономикалық аймақ тиімділігі көптеген сұрақ туындатып отыр. АЭА инфрақұрылмының құрылысы аяқталмаған. 2015 жылдан бері АЭА-ны дамытуға 162 млрд теңге бөлінген. Бірақ, іске қосылғаны бір ғана жоба», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар әлі күнге дейін жүзеге асырылмаған. Өйткені, инвесторлар табылмаған және сату нарықтары да айқындалмай отыр.

«Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бұл жобалардың жүзеге асырылын жеделдетуі тиіс. Алмасадам Майданұлы, мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды қор жұмысының басымдығы ретінде қарастыруды өтінемін. Бұл бағыттағы барлық жұмысты ерекше бақылауға алыңыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевке қарата.


Жоғары қарай