Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы: Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшкенде үй кезегі сақталуы тиіс

2020 жылдың 22 қазан 2020 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отанына оралған қандастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебесі жойылып, сонымен бірге үй алу құқығынан да бірден айырылады. Осыған орай азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл шара қандастардың осындай жұмыс қолы тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін береді», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, шетелде туып-өскен қазақтардың барлығы тарихи отанын мақтан тұтады.

«Көптеген қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай