Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді

2019 жылдың 23 желтоқсан 2019 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

·

·

Жоғары қарай