Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылдың 31 тамыз 2021 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.


Жоғары қарай