Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы дизель отынына туындаған тапшылыққа қатысты айтты

2021 жылдың 4 қараша 2021 13:26

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазан айында еліміз дизель отыны тапшылығына тап болды. Бұл ахуал дизель отыны бағасының өсуіне ғана емес, сонымен бірге көлік компаниялары, Қазақстан темір жолы үшін де проблема туындатты. Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде тәуекелдер алып келді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді . Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.
Жоғары қарай