Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 19:41

ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды.




Жаһандық іс-шара 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтеді.

«EXPO-2020» көрмесін дамыту жөніндегі басқарушы директор Ахмед әл-Хатибтің айтуынша, көрмеге 20 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.




Қазақстан павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына жақын жердегі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде орналасады. Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктерге бөлінген. Онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар көрмеге келушілер Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады. Интерактивті шоудың соңында павильон қонақтарына жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтылады.











Жоғары қарай