Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

2021 жылдың 22 сәуір 2021 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бесінші – өңірдің тұрақты энергиямен жабдықталуы. Бұл мәселені шешпей облыстың табысты дамуы мүмкін емес. Облыс электр энергиясымен сенімді және толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. Әзірше, бұл бағытта проблемалар бар. Энергетика желісіндегі апаттық іркіліс Атырау мұнай өндіру зауытының тоқтауына алып келді. Өз кезегінде бұл жанар-жағармай нарығындағы ахуалдың нашарлауына себеп болды», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасымен еліміздің батыс облыстары арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту және оларды Қазақстанның бірыңғай электр жүйесімен біріктіру сызбасы әзірленіп жатқандығын атап өтті.

«Толықтай алғанда, Үкіметтен батыс өңірдің электр желісінің сенімді жұмыс істеуін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау талап етіледі», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай