Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстанның олигархтарын салыстырды

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 22:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында Қазақстанның олигархтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Президент Қазақстандағы оқиғаларға қатысты Еуропарламент қарары жөнінде пікір білдірген еді.

«Бұл қарар (Еуропарламент қарары – ред.) лоббистердің айтуымен әзірленген. Ол лоббистер кезінде Қазақстанда қомақты ақша тауып, кейін елден кеткен өз адамдарымыздың тапсырысымен жұмыс істейді. Қазір ол ақшаны қандай да бір наразылықтарды ұйымдастыруға, адамдарды өшіктіруге, жағдайды барынша қиындату принципімен жұмыс істеуге жұмсап жатыр.

Өз сөзінде Президент Қазақстан мен Өзбекстанның табысты олигархтарын салыстырды.

«Осыған байланысты Өзбекстаннан тыс жерде мол табыс тапқан бай адамдарды салыстырсақ, олар өздерінің тарихи отанына келіп, Өзбекстан Президентінен өзбек халқы үшін не істей алатындарын, қандай көмек көрсету керегін сұрайды: жеке қаражатына ауруханалар тұрғызады, инфрақұрылым салып береді. Бұл жерде өзбек байлары мен шетелде немесе осында өз еліне шабуыл жасайтын біздің олигархтар арасында үлкен айырмашылық бар», - деді Қ. Тоқаев.


Жоғары қарай