Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысы: Оқ атуға бұйрық берілген кезде алаңдарда бейбіт шерушілер болған жоқ

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар-24» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзін «бейбіт шерушілерді атуға бұйрық берді деп сынайтындарға» жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Одан кейін «Ол бейбіт шерушілерді атуға бұйрық берді» деген сияқты болған оқиғаны басынан аяғына төңкеріп талқылау қажет емес. Ол кезде алаңдарда бейбіт шерушілер қалмаған болатын. Ондағылар бұзақылық жасап жатқан, тонауға барды. Бандиттер тарапынан айрықша қатыгездік байқалды», - деген Президент тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалайтын құзырлы органдардың сол кезде қалай әрекет еткенін еске алды.

«Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде басқарушы ұйым Ішкі істер министрлігі болады. Төтенше жағдай режимі антитеррористік операция режиміне ауысқан кезде басқарушы ұйым Ұлттық қауіпсіздік комитеті болуы керек. Мұндай ауысымды іске асыру өте қиын. Олар істерді өткізіп, кеңесіп жатты. Мен айттым: «Жолдастар, тыңдаңыздар, соғыс болып жатыр, ал сіздер мәжіліс құрып отырсыздар. Сіздерге көтерілісті басудың бүкіл жауапкершілігін өз бөлімшелеріңізге алуға бұйрық беремін. Ал мен сіздерге енді тек Жоғары Қолбасшы ретінде ғана емес, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде пәрмен беремін» деп айттым», - деді Президент.


Жоғары қарай