Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалауды қарастырмақ

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 22:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның парламенттік жүйесін реформалау бойынша ойланып жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі парламенттік жүйені, партиялық жүйені реформалауды шындап ойланып жүрмін», - деді Президент «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы ретінде бұл жайында 28 қаңтарда партияның съезінде де айтқанын жеткізді. Осы орайда тиісті қадамдар мемлекет мүддесіне сай жасалуы керек екенін атап өтілді.

Сонымен Қасым-Жомарт Тоқаев оппозицияның болуына қатысты сұраққа жауап берді.

«Бізде оппозиция бар, алайда көбіне көшеде жүреді», - деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымынша, Парламент Мәжілісінде ұстамды әрі мықты бірнеше партия болуы керек. Жалпы, бұл бағытта саяси мәдениетті өсіру аса маңызды.


Жоғары қарай