Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты

2021 жылдың 25 қараша 2021 21:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Жоғары қарай