Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар қай салаларға тартылатынын айтты

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүдде мемлекеттік саясаттың басты бағыты болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биліктің міндеті - диалог арқылы мемлекеттік саясаттың міндет мен мақсаттарын қоғамға түсіндіру, салауатты ұсыныстар мен пікірлерді ескеру. Кейде бұл істі нашар атқарып жатамыз. Біз ұлттық, мемлекеттік мүддені қашан да бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын. Жерімізді ешкімге бермейміз. халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, ол басты назарда болады. Шетелдік инвестициялар тек қажетті салаларға ғана тартылады.

Жалпы шетелдік инвестициясыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмайды. Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, тағы басқа елдер инвестициялардың арқасында жетістікке қол жеткізді.

Шетелдік инвестициялар елдердің қауіпсіздігіне кепіл болады. Көптеген саясаткерлердің, дипломаттар мен сарапшылардың теріс болжамына қарамастан Қазақстан мемлекет ретінде орнықты. Бұған Тұңғыш Президентіміз және бүкіл халқымыз зор еңбек сіңірді. Қазір біз тәуелсіздігіміздің 30 жылдық межесіне жақындап келеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай