Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

2020 жылдың 6 қазан 2020 19:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша коронавирус пандемиясының ықтимал екінші толқынына қарсы бірқатар дайындық шаралары қабылданған.

Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.


Жоғары қарай