Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 11:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Мемлекет басшысының адами капиталды қолдауға, білім мен ғылым саласына инвестиция тартуға, экономиканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан Президенті отандық ірі өндірушілердің жұмыстарына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы инновацияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы ғылым еліміздің экономикасына қызмет етуге тиіс.


Жоғары қарай