Мемлекет басшысы жасап жатқан іс-шаралардың барлығын қолдайық - Әлімжан Құртаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасап жатқан іс-шараларының барлығын қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ардақты ағайын! Лаңкестердің, мынау террористік топтардың алдауына ермеуге, барлық наразылықтар, барлық келіспеушіліктерді заң аясында шешуге шақырамыз. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы - егемендік еді. Сол егемендігіміздің мәңгілік болуы - бүгінгі таңда сіздер мен біздердің қолымызда. Сіздер мен біздердің міндетіміз деп түсінуіміз қажет. Осындай жағдайда ел Президентінің айналысынан табылып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жасап жатқан іс-шараларының барлығын қолдауға шақырамын», - деді Сенат депутаты.