Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысының тапсырмалары жастарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр - Дастан Ермеков

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 18:39

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің тәуелсіздігін баянды ету бағытында бірқатар реформаларды жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бұл жаңалықты ақмолалық жастар да зор шабытпен қабылдады. Осы ретте, еліміздің келешегі жастарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ақмола облысы бойынша волонтерлерді қолдау орталығының фронт-офисінің басшысы Дастан Ермеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы алға қойып отырған осы міндеттерді іске асыруда, біз - жастар бұл шаралардың бел ортасында жүретін боламыз. Өйткені, отансүйгіштік тәрбиенің қазіргі кезде маңыздылығы бәрінен де жоғары болып тұр. Өз Отанын сүйген жастар ғана өз елін көркейте алады», - дейді Дастан Ермеков.

Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері облыс волонтерлері полиция қызметкерлерімен бірге кезекшілікке, көшелерді патрульдеуге, қажет болған жағдайда блокпосттарға шығып көмектесуде.

«Еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздік орын алып, Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізген кезде біздің волонтерлер де қарап отырмады. Бірден полиция қызметкерлерімен бірге кезекшілікке, көшелерді патрульдеуге, қажет болған жағдайда блокпосттарға шықтық. Блокпостарда тұрған тәртіп сақшыларына ыстық шәй мен кофе жеткізуді ұйымдастырдық. Мұндай қиын кезде мемлекетімізге көмек қолын созып, аянып қалмауымыз керек. Бұл Отанын, елін, жерін сүйетін әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Қазіргі уақытта біздің облыста бәрі тыныш. Қажет болған жағдайда біздің волонтерлер кез-келген қазақстандыққа көмек көрсетуге дайын. Бұдан бөлек, төтенше жағдай режимі кезінде біздің волонтерлер Грузия, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, БАӘ, Беларусь, Қытайдан келген ондаған адамға біздің елде тұратын туыстарымен байланысуға көмектесті. Солардың бірі, волонтер Адель Қадыржанқызы Қазақстанда және шетелде тұратын туыстары арасында байланыс орнатуға атсалысуда», - деді Дастан Ермеков.


Жоғары қарай