Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет ішкі нарықты азық-түлікпен және экспортпен қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді сақтайды - комитет

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет ішкі нарықты азық-түлікпен және экспортпен қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді сақтайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет төрағасыың атап өтуінше, тыйым салуды енгізу туралы шешімді Сыртқы сауда қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Оған мемлекеттік органдар да, салалық қауымдастықтарды қоса алғанда бизнес субъектілері де қатысады. Бұл ретте әрбір тауар бойынша жағдайға талдау жүргізіледі, сыртқы сауда шектеулерін енгізу кезінде қажетті есептер мен ықпал ету болжамдары жасалады. Барлық есептеулер мен талқылаулардан кейін ғана шешімдер қабылданады. Яғни, енгізілген әрбір шектеу цифрлармен бекітіледі.

Бизнестің немесе мемлекеттік органның бастамасы бойынша ведомствоаралық комиссия бұрын енгізілген шектеуді алып тастауы мүмкін. Сонымен бірге, ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға арналған басым дақылдар өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз ең жақын көршілерімізбен, кейбір көкөністер мен жемістердің дәстүрлі жеткізушілерімен пиктік маусымда өзара тиімді тауар алмасу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Е. Қазанбаев.

Бұдан басқа, өндіріс-тұтыну теңгерімін айқындау экспортқа бағыттауға болатын артық өнімдерді айқындауға мүмкіндік береді.

Ұлттық тауар өткізу жүйесінің толыққанды іске қосылуымен шағын тауар өндірушілер белсенді сауда процесіне қосылуда. Оларды заманауи, өркениетті саудаға тарту ішкі нарықты ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті де қамтамасыз ету көрінісін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда фермерлер алатын қосымша табыс қайтадан өндіріс көлемін арттыруға айналады.

«Осылайша, бір жағынан, сауда инфрақұрылымын қоса алғанда, тауар өндірісі мен ішкі сауданы дамыта отырып біз экспортты дамытуға да ықпал етеміз. Ал экспортқа бағдарлана отырып, импортты алмастыру мен ішкі нарықты қамтамасыз етуді де ынталандырамыз», - деді Сауда және интеграция министрлігінің өкілі.


Жоғары қарай