Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемі екі есе ұлғайтылады

2021 жылдың 4 маусым 2021 12:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемін 2 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын арттыру мақсатында биылдың наурыз айынан бастап республика бойынша «Е-заң көмегі» Ақпараттық жүйесі пилоттық режимде енгізілді.

Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 1 042 адвокатты тағайындады. Жобаны іске асыру адвокаттарды тағайындау және олардың еңбегін төлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді министр.

Оның айтуынша, жүйе мемлекеттік деректер базасымен шоғырланған. Бұл өз кезегінде адвокаттарға азаматтарға заң көмегін көрсету үшін қажетті ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік береді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2024 жылға қарай екі есеге ұлғайту мәселесі пысықталуда», - деді М. Бекетаев.


Жоғары қарай