Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс  орындары 90 мыңнан 211 мыңға артты - Ералы Тоғжанов

2020 жылдың 2 маусым 2020 11:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарының көлемі 90 мыңнан 211 мыңға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту мәселесі арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның 6 отырысында қарастырылған болатын. Мемлекеттік органдарға, өңірлерге 50-ден астам нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде бүкіл кемшілікке байланысты тапсырмаларды өңірлер алды. Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалардың төрттен бірі білім саласындағы нысандарға қатысты. Оның ішінде 1 400-ге жуығы мектеп, балабақша, интернаттарды құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жобаларға 50 пайыз қызметкерлерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы тарту талабы толық орындалып отыр. «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам микрокредиттер мен гранттар беріліп жатыр. Оның ішінде 30 пайызын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және жастар құрайды. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарының көлемі 90 мыңнан 211 мыңға өсіп отыр.

«Асқар Ұзақбайұлы, халықты жұмысен қамту мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге біріншіден, жұмыспен қамту аясындағы мемлекеттік бағдарламалардағы тетіктерді тиімді ісе асыруды, екіншіден әрбір жұмыстан босатылған азаматпен жұмыс жасап, мемлекеттік қолдау көрсетуді, үшіншіден, мемлекеттен бөлініп жатқан қаражатты мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймыз», - деп өтінді Ералы Тоғжанов Премьер-Министр Асқар Маминнен.


Жоғары қарай