Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мемлекеттік аппарат құрылымына реформа жасау қажет - Президент

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік аппарат құрылымына реформа жасау қажет. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге мемлекеттік аппараттың құрылымын, міндеттерді, өкілеттіктерді, мемлекеттік органдардың санын айқындауға тура келеді. Әрине, мемлекеттік басқару – бұл аппарат, яғни, қоғам жетістіктер мен сәтсіздіктер үшін сұрау салатын адамдар. Бұл жерде меритократия принциптерін бекітетін, мемлекеттік ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізетін, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттері мен өзге де мәселелерді күшейтетін байыпты реформа қажет етіледі. Жылдың соңына дейін мемлекеттік басқаруды реформалауда алға қарай сапалы қадам басуға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағыттағы алғашқы қадам Президенттік кадрлық резервтің құрылуы болғандығын атап өтті.

«Бірақ, бұл жеткіліксіз, 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіден 300 адам ғана. Айтпақшы, мемлекеттік органдардың басшыларынан, әкімдерден Президенттік тізімге енген резервшілерге назар аударуды өтінемін. Ол жерде мемлекеттік қызметке лайықты жастар бар», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай