Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік басқару реформасының тұжырымдамасы әзірленді – Тимур Сүлейменов

2021 жылдың 12 маусым 2021 11:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Мемлекеттік басқарудың реформасының тұжырымдасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамыған мемлекеттердің нарықтық экономикаға көшкені белгілі, оның қатарында мемлекеттік басқару да бар. Қазақстан қазір сол жолда келе жатыр, дегенмен бізде әлі де болса мемлекет атқарады. Яғни экономикалық-әлеуметтік шешімді, елдің даму бағыты барлығы да толықтай мемлекеттің қолында. Мемлекеттік басқарудың формасын өзгерту өте маңызды. Ол туралы Президент те ерекше атап өтті. Бүгінде мемлекеттің басқару реформасының тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама 1 жылға жуық талқыға салынды. Ол 2 бөлімнен тұрады, біріншісі жалпы мемлекеттік басқару, екіншісі жергілікті өзін-өзі басқару реформасы», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, бүгінде аталған тұжырымдаманы жүзеге асырудың жолдары нақтыланып жатыр.

«Осы орайда мемлекеттік басқарудың жаңа реформасын жүзеге асыруда президенттік жастар кадрлық резервінің рөлі зор. Себебі жаңа әзірленген тұжырымдаманы одан әрі жүзеге асыратын жас кадрлар арамызда отыр. Әрбір мемлекеттік шешімнің заңнама немесе реформаның артында адам тұр. Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастыруда жастардың орны ерекше. Жастар кадрлық резерв мүшелеріне айтарым, мемлекеттік басқару бағыытында елді алға жылжытатын идеяларыңыз болса біз оны тыңдауға, ол идеяның іске асуына қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді ол.

Айта кетейік, қазір елордада Президенттік жастар кадрлық резервінің форумы өтіп жатыр.


Жоғары қарай