Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.

Енген өзгерістерге сәйкес, талапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде талабын сотқа берген жағдайда, сол талап бойынша ерекше талап қою істерін, ерекше іс жүргізу істерін арыздарға (шағымдарға) сәйкес қарастыру үшін, арызданушы – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттiк бажды төлеуі қажет (2022 жылы 1532 теңге).

Мемлекеттік баждың төлеушісі – сотта мүддесі қаралатын өтініш берушілер болып табылады.

Мемлекеттік бажды өтініш берушілер өтінішті бергенге дейін төлеуі қажет.

Өтінішерді (шағымдарды) қарайтын соттар - уәкілетті органдар болып табылады.


Жоғары қарай