Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік хатшы:«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда науқаншылдық болмауы керек

2020 жылдың 5 ақпан 2020 14:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құнын түсіретін олқылықтарға жол берілмеуі керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай бұған дейін айтылғандай, кейбір өңірде бағдарламамен мазмұндық жағынан сәйкес келмейтін шараларды «Рухани жаңғырудың» есебіне енгізіп жіберу фактісі кездеседі. Мұндай науқаншылық әрекеттер бағдарлама мен биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Әсіресе, бағдарламаның құнын түсіретінін түсінуіміз керек. Сондықтан, барлық атқарушы орган бағдарламаны жүзеге асыруда білім және ғылымға құштарлық, еңбексүйгіштік, ұлттық және өркениеттік құндылықтарды насихаттау шараларына басымдық беруі керек», - деді Қырымбек Көшербаев

Еске сала кетсек, Ақордада ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таныстырған болатын.


Жоғары қарай