Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа Бейбітшілік сыйлығы мен төсбелгіні табыс етті

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төрегелді Шарманов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Жарлығымен бекітілген арнайы төсбелгі мен құжатты академикке ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербек табыс етті. Елбасы мен Мемлекет басшысының сәлемін жеткізген Мемлекеттік хатшы Төрегелді Шармановқа денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі үшін алғыс білдірді. Қырымбек Көшербаев академиктің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ұшан теңіз екенін айтып, қазақ елі ғана емес ТМД-ның медицинасын алға сүйреген азаматтың бірі екенін тілге тиек етті. Оның нақты мысалы ретінде 1978 жылы Алматыда қабылданған ХХ ғасырдағы денсаулық сақтау саласының хартиясы. Бұл құжат әлі күнге дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының бір мақтанышы саналады екен.

«Өткен жылы ДДСҰ өзінің конференциясында Алматы декларациясының ХХІ ғасырда да өзекті екенін айтып, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық ретінде алғашқы медициналық көмек қала береді деп қаулы қабылдады. Денсаулық сақтау саласының болашағын және негізгі басымдықтарын айқындаған үлкен құжаттың қазақ жерінде, Алматыда қабылданғаны, оның ішінде Төрегелді Шарманұлының бастамасы болғанын біз мақтанышпен айтамыз.




Ал тоқсанның төріне шыққан академик бүгінде дұрыс тамақтану бағытында толайым табыстарға жетіп, медицина мен ұлттық дәстүрді ұштастырған ғалым өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбек сіңіріп келеді», – деді Қырымбек Көшербаев.

Өз кезегінде Төрегелді Шарманов Елбасы мен Мемлекет басшысына алғыс айтты. Жастарға өсиетін жеткізді.

«Ең бастысы, ерінбей еңбек ету керек. Халыққа, елге, ортаңа адал қызмет қылсаң, бақ пен береке өз аяғымен келеді», – деді Төрегелді Шарманов.





Жоғары қарай