Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері пара алды деп айыпталуда

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 10:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу, салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар жеке кәсіпкердің шотының бұғаттан босату және әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылды» делінген хабарламада.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Жоғары қарай