Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік кірістер комитеті асабалар мен әншілерге салық салуға қатысты түсінік берді

2020 жылдың 27 қазан 2020 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев асабалар мен әншілердің табысына салық салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатында әншілер мен асабалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені, алайда олардың табысына салық төлету қалай реттелетіні сұралды.

«Салық төлеу үшін олар алдымен салық тіркеуіне тұруы керек. Тіркеуге тұрғызу бойынша жұмыс жүргіземіз, оларға хаттамаларды беріп, тіркеуге қоямыз. Қазіргі кезде бұл бағыт микробизнес болғаннан кейін, осы сала табыс салығынан толық босатылған», - деп түсіндірді М. Сұлтанғазиев.


Жоғары қарай