Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Талғат Сәбитұлы 1966 жылы 5 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келді.

Еңбек өтілі: ҚР Бас прокуратурасы әскери прокуратура органдарында қызмет еткен (1992-1994); ҚР ҰҚК органдарында - аса маңызды істер бойынша аға тергеуші, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары (1997-2011); ҚР Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бастығы (2011-2014). 2014-2019 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болды.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен; «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен; 15 ведомстволық, мерейтойлық медальмен марапатталған.

Еске салсақ, Елбасының шешімімен Талғат Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған еді.

Сонымен қатар, бүгін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Жүсіпов қызметінен босатылды.



Басты сөздер: Ақорда, Тағайындау,
Жоғары қарай