Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Мемлекеттік қызметке кір келтіргендер міндетті түрде жауапқа тартылады

2020 жылдың 11 наурыз 2020 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгіленбек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мемлекеттік қызмет мәселелері заң жобасын талқылау кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілігі қаралатын адамдарды басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатуға тыйым салу ұсынылады. Осындай шектеулер құқық бұзушылық жасаған адамдарды жаупкершіліктен босатудың жолын кесу үшін қолданыстағы заңда өз еркі бойынша жұмыстан босатуға да қарастырылған», - деді Жайылғанова.

Бұдан бөлек ол жекелеген саяси лауазымдарға Президенттің шешімі бойынша біліктілік талаптарын белгілеу ұсынылып отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта саяси лауазымдарға біліктілік талаптар белгіленбейді. Осыған байланысты жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ адам бос лауазымға орналасуы мүмкін. Бұл түзетулер Президент Әкімшілігінің 2019 жылғы 13 қазандағы тапсырмасын орындау үшін әзірленді», - деп нақтылады агенттік басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ заң жобасында «Дипломмен ауылға» жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану ескерілген.



Жоғары қарай