Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 15:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы департаменті «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев мемлекеттік қызметші қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі бар. Онда мемлекеттік қызметшінің барлық міндеттері мен құқықтары жазылған. Біріншіден, ол ҚР Президентінің саясатын ұстануы керек. Екіншіден, адамгершілігі мол, адал, адамдарды тыңдай білетін, мемлекеттік қызметшілердің кез келген сұрағына жедел жауап беретін, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстайтын қызметкер болуы тиіс. Егер мемлекеттік қызметші қоғамдық орында ерсі қылық көрсетіп, көпшілік назарына іліксе, онда оған қатысты жеке тексеру жүргізіледі. Егер фактілер расталса, мемқызметші жауапқа тартылады», - деп түсіндірді Қайыржан Тоқышев.

Бұған дейін мемлекеттік қызметшілерге жаңа жылдық мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылған болатын.

Жоғары қарай