Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Мемлекеттік қызметшілерге арналған конкурстық рәсімдер өзгереді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметшілерге арналған конкурстық рәсімдер 14 күнге қысқартылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мемлекеттік қызмет мәселелері заң жобасын талқылау кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конкурстық рәсімдерді оңтайландыру ұсынылады. Атап айтқанда, 3 кезеңдік конкурстық іріктеуден 2 кезеңдік конкурстық іріктеуге көшу ескерілген. Яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы 2-ші ішкі конкурсты және жалпы конкурсты біріктіру ұсынылады», - деді Жайылғанова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл конкурстық рәсімдер уақытын 14 жұмыс күніне (46-дан 32 күнге дейін) қысқартуға және бос жұмыс орындарын толтырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Осы орайда заң жобасымен «Дипломмен ауылға» жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану ескерілген.


Жоғары қарай