Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Мемлекеттік қызметтерді барынша автоматтандыру қажет - Алтай Көлгінов

2020 жылдың 25 ақпан 2020 08:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Алтай Көлгіновтың басшылығымен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, құрылыс үшін жер учаскесін бөлу, жерді сатып алу немесе сату шартын жасау және басқа мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тәсілдері әзірленді.

«Мемлекеттік қызметті тұтынушы қажетті құжаттарды, рұқсатты жедел алуы үшін барлық мемлекеттік қызметтерді барынша автоматтандыру қажет. Мемлекет басшылығы цифрландыруға ерекше көңіл бөледі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесін жеделдетуді тапсырды. Ол үшін мемлекеттік органдармен, салалық министрлікпен бірлесіп бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, жасалып жатқан қаланың геопорталында елордамыздың бас жоспары болады. Бұл қала құрылысы процестерін болжауға, модельдеуге мүмкіндік береді. 3D және BIM технологияларын қолдана отырып инженерлік және жол желілеріне түсетін жүктемелерді; аудандардағы мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін көруге болады. Жобаны толықтыруға жарты жыл уақыт беріледі», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстар бекітілген дизайн кодқа сәйкес эскиздік жобалар бойынша келісу процесін автоматтандыруға, жерді мақсатты пайдаланудың сақталмауын анықтауға мүмкіндік береді.





Бас жоспардың кеңістіктегі үш өлшемді макетін құру қаланың және жеке объектілердің 3D-голограммасын көруге, табиғи және техногендік жағдайларды және қала инфрақұрылымының мінез-құлқын модельдеуге (кәріздің жарылуы, апаттар, дауыл және басқалар), қалалық құрылыс тығыздығын жобалауға мүмкіндік береді.





Жоғары қарай