Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат берілді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 15:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы« №801 қаулының 4-тармағының бірінші бөлігінде былай деп жазылған:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату орналастыру) алады».


Жоғары қарай