Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Менің қазақ халқына деген ықыласым өзгеше - Рамзан Қадыров

2019 жылдың 1 наурыз 2019 18:38 1317

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақ халқына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің қазақ халқына, Қазақстанға және оның басшылығына ықыласым өзгеше. Екі соғыстан кейін алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, Грозныйдың қалпына келуіне атсалысқан - Қазақстан халқы», - деді Рамзан Қадыров «ҚР Президенті Телерадиокешені» ҰАҚ бас директоры, танымал журналист Ерлан Бекқожинге берген сұхбатында.

Репрессия мен қуғын-сүргін жылдары Қазақстан жеріне келген басқа да халықтардың өкілдері қазақ халқына алғысын жаудыруда. Олардың әңгімелері мен естеліктері ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Бір тағдыр» атты жаңа деректі фильмінде көрсетіледі. Фильм таяу уақытта орталық арналардан көрсетіледі. 

 

 

Жоғары қарай