Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Меркі ауданындағы ауылда  1,5 млрд теңгенің диагностикалық орталығы ашылды

2020 жылдың 30 қараша 2020 01:45

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Меркі ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын диагностикалық орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа диагностикалық орталық Меркі ауданының Сарымолдаев ауылында орналасқан. Мамандар бұл ауылдық жерде ашылған осы секілді алғашқы диагностикалық орталық екенін айтады

«Бізде ең заманауи қондырғылар, оның ішінде магнит-резонанс томографы, 80 тілімді компьютер томографы, цифрлық рентген және флюорография, жаңа үлгідегі УДЗ аппараты орнатылған. Магнит-резонанс және компьютер томографисы барлық мүшені тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ нәтижесінің дәлдігі жоғары. Коронавирус пандемиясы кезінде бәріміз компьютер томографиясы диагноз қоюдағы ең сенімді және негізгі әдіс екеніне көз жеткіздік», - деді «Мейірім» Тараз медициналық орталығының бас дәрігері, желінің басқарушы директоры Гүлчахра Маметова.

Сондай-ақ, диагностикалық орталықта терапевт, кардиолог, невропатолог, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдау кабинеттері ашылмақ. Тәулігіне 50-ден астам адам мамандардың қабылдауында болып, 120 адам МРТ және КТ, сондай-ақ 250 адам флюорографиядан өте алады.





Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев адамның ең үлкен байлығы – оның денсаулығы екенін атап өтті.

«Ең бастысы, біздің тұрғындар өздерін жақсы сезінуі тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медицина мен денсаулық сақтауға салаларына айрықша көңіл бөлу үшін басымдықтарды белгіледі. Тек дені сау ұлт қана табысқа жете алады. Меркі ауданында үлкен жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз, қымбат жабдықтар сатып алынып, білікті мамандар даярланған. Жамбыл облысында төрт МРТ және 11 КТ аппараты бар. Жамбылдықтардың денсаулығы үшін біз облыстың әрбір аудан орталығын заманауи томографтармен қамтамасыз етуіміз керек», - деді ол.





Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының сондай-ақ жақын көршілес Шу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандары тұрғындарын сапалы, ең бастысы – уақтылы диагностикамен қамту мүмкіндігіне қол жеткізіліп отырғанын баса айтты.

«Денсаулық жағдайын білуі үшін енді мұндағы тұрғындар сонау Тараз бен Алматыға сабылмайтын болады», - дедіоблыс әкімі.

Орталық директоры толық қуаттылықта жұмыс істеу үшін 110 медицина қызметкері жұмылдырылатынына сендірді, олардың көпшілігі меркіліктер. Ал 24 дәрігердің 20-сы жергілікті тұрғындар.


Жоғары қарай