Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мешіттегі садақа жәшігін тонаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

2021 жылдың 19 сәуір 2021 04:04

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігінен жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтты.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай