Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Михаил Гусман Қазақстан Президенті туралы: Нағыз дипломат

2021 жылдың 21 мамыр 2021 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман «Эхо Москвы» радиосының бағдарламасы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі кезеңде Қазақстанда қандай ең ірі айқындаушы позиция мен лауазым болса, солардың барлығында қызмет атқарды. Ол Сыртқы істер министрі, Сенат төрағасы болды. Президенттік резиденцияға келгенге дейінгі өмірінің басым бөлігі дипломатиялық қызметпен байланысты. Ол кәсібі бойынша да, әңгімелесу мәнері бойынша да нағыз дипломат», - деді Михаил Гусман.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы барынша байсалды, дипломатиялық мәнерде сөйлейтін, әрбір сөзі әуелгі айтқан сөзімен астасып жататын адам. Оның әңгімелесу формасы өте тартымды», - деп қосты ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алған кезіндегі әсерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға эксклюзивті сұхбат берген болатын.


Жоғары қарай