Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Микроқаржы ұйымдары биометрияны қолданады - Бағдат Мусин

2022 жылдың 24 мамыр 2022 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін микроқаржы ұйымдары биометрияны қолдануға мәжбүр болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банкпен бұл мәселені талқыладық. Олар микроқаржы ұйымдарын осы биометрияны толыққанды қолдануға мәжбүрлеу үшін заңға өзгерістер енгізеді. Бүгінде банкке жүгінсеңіз биометрия бар. Ал микроқаржы ұйымдары жеке куәлікті талап етеді. Жеке куәлік болса несие рәсімдей береді. Содан азаматтар зардап шегіп отыр. Жалпы, бұл қолға алынатын мәселе. Бізде технологияның барлығы дайын. Заңға өзгерістер енгізіліп жатыр», - деді министр Ақтөбе облысы жұртшылымен кездесу барысында тұрғындардың сауалына орай.

Айта кетерлігі министр кездесу барысында қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болатындығын атап өткен еді.



Жоғары қарай