Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Минералдық шикізатты қайта өңдеу саласына ғылыми кадр дайындау еліміздегі 4 қалада жүргізіледі

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен қалаларындағы 7 филила ығылыми кадрларды даярлау жұмысын белсенді түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта академик Әбдірәсіл Жәрменов басшылық ететін орталық ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін құрылған. Орталық 20 жылдан астам уақыт бойы отандық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Бірлескен оқыту және өндірістік тәжірибеден өткізу, кейіннен жұмысқа орналастырып, ұлттық орталық бағдарламалары мен жобалары аясында жеке зерттеу жасайтын магистрлер мен PhD докторларын даярлауды қамтиды.

Орталық мамандары студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру үрдісіне тікелей қатысады. Былтыр қайта ашылған кафедрада оқуды таңдаған 6 магистрант орталыққа оқу процесінен қол үзбей жұмысқа орналасты.

Ұлттық орталықтың ұйымдастырушылық құрылымы, аккредиттелген және аттестатталған талдау және зерттеу зертханалары, жобалау-конструкторлық бөлімдері және тәжірибелік-өнеркәсіптік полигондар мен кешендері болғандықтан кәсіпорын қызметі минералдық шикізатты қайта өңдеуге, оларды автоматтандыру мен цифрландыруды, өндіру мен байытудан бастап металлургиялық қайта өңдеуге дейінгі технологиялық процестерді кешенді түрде іске асырады.

Қазіргі кезде химия және химиялық технология факультетімен ынтымақтастық орнатылды. Алайда, мамандар даярлаудың пәнаралық форматын ескере отырып, кафедрада география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология, физика-техникалық факультеттердің студенттері оқи алады. Бұл модульдік білімге байланысты, сонымен қатар факультетаралық курстарды ұйымдастыруға болады. Бұл болашақ кәсіби қызметінде көп салалы міндеттерді шешуге дайын, ой-өрісі кең мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, ұлттық орталықтың еліміздің бірнеше қаласында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен) 7 филиалы орналасқан. Сондықтан студенттер үшін тұрғылықты жерлерін ескере отырып немесе өзіне қолайлы қаланы таңдап, жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік бар.


Автор Әлімхан Қанатұлы
Басты сөздер: Жастар, Ғылым,
Жоғары қарай