Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты

2021 жылдың 30 қараша 2021 01:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй бағасының қалай өзгеретініне болжамын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің болжамым бойынша, жаңадан қолданысқа берілуі тиіс шаршы метрлер қазіргі сұранысты қанағаттандырып, бағалар тұрақтанады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, министр құрылыс саласында жұмыс күші неліктен жетпей жатқанын түсіндірді.

«Краншылар, дәнекерлеушілер жетпей жатыр. Жұмыс істеп жүрген жастардың, екі қолға бір күрек сұрап жүрген еңбекке жарамды халықтың көп екеніне қарамастан, құрылыс саласында вакансиялар бар. Парадокс десе де болады. Қазір Білім және ғылым министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Құрылыс саласындағы қауымдастықтармен бірге нарыққа қажет жұмысшы мамандықтардың тізімін түзіп шықтық», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол заман талабы инженерлік мамандықтарды тартымды ете бастағанын еске салды.

«Бүгінгі таңда кейбір жұмысшы мамандықтардың жалақысы жоғары. Сонда да маман табу қиын. Яғни, келешекте инженерлік мамандықтарға баратын жастардың буыны өсіп келе жатыр деген сөз. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындарының түлектері қарапайым жұмысшы ретінде еңбек етіп жүрген бағыттар бар», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Жоғары қарай