Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Министр ауруханада неге видео түсіруге рұқсат берілмейтінін түсіндірді

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханада видеотүсірілім жүргізуге қойылған шектеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық стационарға ұялы телефон алып кіруге болатынын айта кетейін. Бұл тұрғыда ешқандай тыйым жоқ. Екінші жағынан мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес онда видеотүсірілім жүргізуге рұқсат берілмейді. Ең бірінші кезекте бұл пациенттің өзін қорғауы үшін керек», - деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі көп жағдайда пациенттің рұқсатын сұрамай, оны шешінген күйінде төсекте видеоға түсіретінін айтады.

«Көп адам өзінің ауруын жария еткісі келмейді. Әртүрлі жағдай бар. Этикалық сипаттағы, азаматтың жеке кеңістігін қорғау мәселелері ұмыт қалмауы тиіс. Сол себепті видеотүсірілім жүргізуге рұқсат жоқ», - деп атап өтті Алексей Цой.


Жоғары қарай